Бокс
19 қазан 2018 13:44
 
Муратамен жекпе-жек Головкинге рингке оралудың ең ұтымды жолы

  Пікірлер

blog.share

Муратамен жекпе-жек Головкинге рингке оралудың ең ұтымды жолы © dosports.yahoo.co.jp

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жылғы қарсыласы жапониялық Риота Мурата болуы ықтимал. Бұл GGG үшін қазіргі таңда ең ұтымды жекпе-жек болып отыр. Неліктен екенін Vesti.kz материалынан оқыңыздар. 

"Канеломен" қарымтадан кейін қазақстандыққа қарсылас ретінде Риота қарастырыла бастады. Мурата біраздан бері мықты боксшы ретінде таныла бастады, оның жекпе-жек кезіндегі оқыс қимылдары оған деген қызығушылықты арттыра түсті. 

Бір жағынан оны топ боксшылар қатарына жатқызу қиын. Қалай дегенмен Головкин және Мурата деңгейінде айырмашылық бар. Бұл жекпе-жекте Головкинде басымдық болатыны сөзсіз. Риота жақсы табыс пен тамаша шоуды қамтамассыз ететін қарсылас. 

Дегенмен де мұның бір шарты бар - жекпе-жек Жапонияда өтуі тиіс. Оны АҚШ-та ұйымдастырса, зор табыс болмайды. Тіпті ол ондағы жұртшылыққа қызық болмауы мүмкін. 

Оның үстіне Головкин белбеулерінен айырылып қалды. Қазір қазастандық боксшыға әсерлі оралу қажет. Бұған рейтингі төмен қарсылас жарай береді. 

Әлемдік ұйымдар ұсынған қарсыластармен жұдырықтасуға болады. Олардың ішінде америкалық Джермалл Чарлоны ерекше атап өту керек. Дегенмен бұл жекпе-жек екінші орынға сырғып тұр. Қазіргі жағдайда Риотамен жұдырықтасу ұтымдырақ. 

Өйткені кәсіпқой бокс әлемінде оның аты жиі аталтын болды. Том Леффлер соңғы сұхбатында жапониялықпен жекпе-жек ұйымдастыру мүмкінідігі туралы айтқан. Муратаның өзі де Головкинмен жұдырықтасуға қарсы емес. 

Азия кәсіпқой бокс деңгейінде көтеріліп келе жатқандықтан, Муратамен жекпе-жек жекпе-жек өткізу мен атын шығарудың шекарасын кеңейтуге жақсы жол болмақ. 

Ал жергілікті жанкүйерлер трибунаны лық толтыратынын сөзсіз. Тағы бір маңыздысы Головкиннің Жапониядағы танымалдығы. Жергілікті БАҚ GGG - Мурата жекпе-жегін Жапонияда өткізу идеясын өрбітіп жіберді. 

Ал Риотаның промоутері Боп Арум былтыр жапониялықты АҚШ-та жұдырықтастырмақ екенін мәлімдеген, бұл Головкинмен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі үшін жасалмақ еді. Бұл мақсаттағы алғашқы қадам Лас-Вегастағы WBA Regular белбеуі үшін Роб Брантпен жекпе-жек. Бастысы жапониялықтың жеңіліп қалмауы, мұндай жағдайда онымен жекпе-жек өткізудің мәні жоғалады. 

Айтпақшы, Муратаның жапониялық теледидармен келісімшарты бар. Бұл коммерциялық пайданың тағы бір көзі. Жалпы күн шығыстағы бокс индустриясы Америкадағыдан бөлек құрылған. Онда демеушілер үлкен оқиағаларға қомақты қаржы құяды. 

Жарнама

Живи спортом!