Бокс
13 шілде 2020 10:00

"Мұны ақыры екеуі де түсінді". "Канелоның" промоутері Головкинмен жекпе-жек жайлы

Сурет: Allboxing
Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) келесі жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтады. Промоутердің сөзін vRINGe.com беріп отыр.


"Енді екеуі де ұқты. Алдыңғы жекпе-жектері өте сәтті оқиға болғанын түсінді. Қаржылық жағын алсақ, олар үшін үшінші кездесу өте маңызды. Үшінші жекпе-жек бойынша Головкинмен алдын ала сөйлесіп те қойдық. Ол мұны асыға күтетінін білемін. 

Бәрін таңқалдырып, үшінші жекпе-жекті келесі жылы өткізе аламыз деп үміттенемін. Бұл текетіресті бірінші кезекте бокс жанкүйерлері тамашалағысы келетінін ұмытпайық. Өйткені алдыңғы екеуі өте тартысыты болды. Мұны ақыры екеуі де, Головкин де, Альварес те түсінді. Енді екеуі де үшінші жекпе-жекті қалайды", - дейді Гомес.