Бокс
21 шілде 2021 16:49
 
"Мұндай құбыжықты жеңетінін елестету де қиын". Сарапшы қазақстандық нокаутшының қарсыласына баға берді

  Пікірлер

blog.share

"Мұндай құбыжықты жеңетінін елестету де қиын". Сарапшы қазақстандық нокаутшының қарсыласына баға берді Сурет: flickr.com/leifpm©

Суперауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (15-0, 14 КО) келесі айқасы чемпиондық кездесуге апарар маңызды жекпе-жектің бірі болмақ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында германиялық leifpm.co спорт порталының шолушысы Лейф Хансман басымдық бар дей тұрғанмен, америкалық Джои Давейкоға (21-8-4, 12 КО) қарсы босаңсуға болмайтынын айтады. 

"Маңызды жекпе-жек күтіп тұр. Әлбетте оның басымдығы бар. Ол ірірек әрі техникасы да жақсырақ. Қолы ұзын және соққысы да нокаутқа түсіретіндей ауыр. Джои мұндай құбыжықты жеңеді дегенді елестету де қиын. 

Дегенмен рингте оқыс жағдайлар да болады. Қарсыласын менсінбесе Кособуцкиймен де мұндай болуы мүмкін. Алда 12 ранудты жекпе-жек. Бұл кәсіпқойдағы элиталы топқа кіруге бір қадам", - дейді Хансман. 

Айта кетейік, 32 жастағы Жан қарсыласынан бір жас үлкен. Қазақстандықтың бойы 190 сантиметр, ал қарсыласы 12 cантиметрге аласа. 

Еске салайық, о баста Жан Лондонда бірінші жекпе-жегін өткізеді деп күтілген. Бұл үшін оған екі қарсылас таңдалған болатын. 

Кейінгі рет қазақстандық боксшы осы Гамбургте ақпан айында жұдырықтасып, нигериялық Онориоде Евариемені (18-2, 17 КО) нокаутқа түсірген.

Жарнама

Живи спортом!