"Мұндай қарсыласпен ешқашан жұдырықтаспаған". Сарапшы Жәнібектің 18 нокауты бар экс чемпионмен жекпе-жегі туралы

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) америкалық Роб Брантқа (26-2, 18 КО) қарсы жекпе-жегі карьерасындағы ең маңызда айқас болады. WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

Әлімханұлы - Брант кездесуі 26 маусым Лас-Вегаста өтеді. Ал бұл бокс кешінің басты оқиғасы украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) арасындағы жекпе-жек болады.
"Өте тартысты айқас болады. Әлімханұлы бұрынғы әлем чемпионымен шығады. Бранттың тәжірибесі мол. Қазіргі таңда ол орта салмақтағы ең үздік 15 боксшының қатарында. Мұның бәрі қазақстандық үшін алдағы жекпе-жектің маңызы қандай екенін көрсетіп-ақ тұр. Жәнібек ешқашан мұндай қарсыласпен жұдырықтасқан емес. Осы айқаста жеңіске жетсе, рейтингте көтеріліп, атын шығарады.
Кейінгі уақытта Бранттың өз менеджерімен қиындықтар болды. Екі жылда тек екі жекпе-жек өткізді, сонымен бірге, Муратамен үшінші рет кездесу өткізе алмады. Болашағы зор әрі адуынды боксшымен айқас оның карьерасын жандандыруы мүмкін. Әлімханұлына оңай болмайды. Бұл оның карьерасындағы ең ауыр айқас", - дейді Джей.
Жарнама