Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) он жылда алғаш рет жекпе-жекке дайындығын биік таулы мекенде өткізбейді. Бұл туралы The Athletic инсайдері Майк Коппинджерге SNAC спорттық дайындық орталығының директоры Виктор Конте хабарлаған.
Контенің сөзінше, Головкин осындай режимде он күн жаттыққаннан кейін лагерді толықтай Сан-Франциско бұғазы маңындағы SNAC базасында өткізуді ұйғарды. Белгілі амеркиалық маман боксшының физикалық дайындығы бойынша жұмыс істейді.
Головкин 2010 жылдан бері тек Калифорниядағы Big Bear мекенінде ғана жаттығатын еді. Бұл жер теңіз деңгейінен 2064 метр жоғары. Ал жаңа лагерь жазықтықта.
Конте орта және жеңіл салмақтағы Андре Уорд, Дэниэл Джейкобс, Деметриус Андраде, Андре Берто, Нонито Донэйр және басқа да боксшылармен жұмыс істегенімен танымал.