"Мұнан артық айқас болмайды". 22 нокауты бар чемпион Головкинмен жекпе-жек туралы

Орта салмақта WBA ұйымының уақытша чемпионы британиялық Крис Юбенк (30-2, 22 КО) осы дивизионда IBF титулына ие Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жұдырықтасқысы келетінін кезекті рет мәлімдеді.
Орта салмақта WBA ұйымының уақытша чемпионы британиялық Крис Юбенк (30-2, 22 КО) осы дивизионда IBF титулына ие Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 KO) жұдырықтасқысы келетінін кезекті рет мәлімдеді.
"Головкин - ұлы чемпион, ол мені үнемі қызықтырып келді. Онымен жұдырықтасқанды мақтан тұтар едім. Ол Англияда жекпе-жек өткізгісі келетінін естідім. Біз үлкен стадионға көрерменді лық толтырар едік. Геннадий мұнан артық айқас таппайды, егер Сауль Альварес үшінші кедесуге келіспесе. Бірақ олай болуы екіталай", - деп береді Юбенктің сөзін Fightnews.info.
Жарнама