Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (5-1-0, 2 КО) титулды жекпе-жекке шығатынын құлақтандырды, деп жазады Vesti.kz.
Жекпе-жек 31 қаңтар Әзірбайжанда өтеді. Ал қарсылас пәкістандық Рома Юсаф (5-0-1) болады.
"Жақсы жаңалығым бар, рингке 31 қаңтарда ораламын. Бұл менің карьерамдағы жетінші және титулды айқас болады! WIBA тұжырымынша әлем чемпионы атағына таласамын. Бұл белбеуді аңыздар иеленген: Мухаммед Алидің қызы - Лейла Али, абсолют чемпион болған Наталья Рагозина және өзге де бұрымды боксшылар. Бұл шынымен бұрымдылардың титулы. Мен осы титул үшін айқасуға өте қуаныштымын. Енді дайындығымның нәтижесін көреміз", - деп жазыпты Лукас Instagram желісінде.