Мұхамедсабыр спарринг турнирде Ертуғаннан тағы басым түсті

Астанада бокстан спаррингтік турнирде ерлер арасында 63,5 келідегі жекпе-жек өтті.
Астанада бокстан спаррингтік турнирде ерлер арасында 63,5 келідегі жекпе-жек өтті.
Жартылай финалға жолдама үшін Ертуған Зейнуллинов пен Мұхамедсабыр Базарбайұлы жұдырықтасып, төрешілер бұл кездесуде жеңісті 4:1 есебімен Базарбайұлына берді.
Бұған дейін де Зейнуллинов Қазақстан Спартакиадасында Базарбайұлынан жеңілген еді.
Енді Мұхамедсабыр Базарбайұлы жартылай финалда Жандос Қарабалиевпен кездеседі.
Жарнама