Бокс
17 наурыз 2022 09:41
 

"Міне бұл өкінішті". Головкин Муратамен айқастың шегерілуі мен карьерасын аяқтау жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Міне бұл өкінішті". Головкин Муратамен айқастың шегерілуі мен карьерасын аяқтау жайлы ©zimbio.com

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жектің қиындықтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жектің қиындықтары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқас 9 сәуір Сайтамада (Жапония) өтеді.

- Жекпе-жек обьективті себеппен шегерілді - ковид салдарынан. Дегенмен айқасты тура өтер алдында шегергені қаншалықты ауыр тиеді. Яғни барынша дайындалып, артынан бәрін тоқтату керек болғаны?

- Дұрыс айтасыз. Дайындық созылып кетті және ұзақ уақытқа. Желтоқсанда бабыма келдім. Одан кейін ақпанға ауыстырды, оған дайындалдым. Енді бәрі сәуірге шегерілді. Көңілге бір демеу болары, екеуміз де осы жағдайда екеніміз және бұл біздің кінәмізден еместігі. Алайда екінші жағынан желтоқсанда бабыңа келіп, осы уақытқа дейін екі-үш жекпе-жек өткізіп тастауға болатыныңды білген. Міне бұл өкінішті. 

 - Жекпе-жек шегерілгеннен кейін карьераңызды аяқтау туралы ойладыңыз ба?

- Жоқ, ондай ой болған жоқ. Дегенмен сол жағдайда және нарықтағы өзгерістерді есепке алсақ, менің кез келген шешімім оң болар еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!