Бокс
2 қараша 2020 10:52

Мейвезердің нокаутшысы мексикалық чемпионды бір соққымен есінен тандырды

Сурет: Baltimore Fishbowl

Жеңіл салмақта WBA чемпионы америкалық Джервонта Дэвис Сан-Антониода (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде бірінші жеңіл дивизионда WBA титулына ие мексикалық Лео Санта Круспен жекпе-жекке шықты,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл айқаста екі боксшының да белбеуі сарапқа салынды, Дэвис алтыншы раундта нокаутпен жеңіске жетті.



Осылайша, америкалық боксшы 24 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жетіп, оның 23 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Ал 37 жеңіске жеткен Крус екінші рет жеңіліп отыр, сонымен бірге, ол бір кездесуін тең аяқтаған. 

Айта кетейік,  Дэвистің ісін Флойд Мейвезердің (50-0, 27 КО) промоутерлік компаниясы жүргізеді.