Бокс
23 қазан 2018 10:53
 

"Мертіктірмей тұрғанда тоқтатты". Британиялық сарапшы Елеусіновтің мықтылығын атап өтті

  Пікірлер

blog.share

"Мертіктірмей тұрғанда тоқтатты". Британиялық сарапшы Елеусіновтің мықтылығын атап өтті © Matchroom Boxing

MMA Plus cпорт сайтының британиялық тілшісі Бен Смит Vesti.kz тілшісіне бірген сұхбатында қазақстандық Данияр Елеусіновтің америкалық Меттью Доггертиді нокаутпен жеңгеніне қатысты пікірін білдірді.

"Бұл жекпе-жек Елеусінов пен ортаңқол боксшылар арасындағы айырманы көрсетті. Ол алғашқы минуттан іске қосылып, қарсыласына мүмкіндік қалдырмады. Төреші айқын басмыдықты көріп, жекпе-жекті қазақстандық боксшы қарсыласына ауыр зардап келтірмей тұрып тоқтатты. Кездесу немен аяқталатынын белгілі болды, алда мұндай жекпе-жектер әлі болады. Хирн талантты боксшыны қауіпке салмайды деген ойдамын. 

Дегенмен Елеусіновтің сенімділігі артып, жаңа боксты түсіне бастағаны көрініп тұр. Ол дұрыс жолда және жақын уақытта бағы жанады деп ойлаймын", - дейді Смит. 

Америкалықты нокаутпен жеңген Елеусінов әлемдік рейтингте көтерілді

Мұның алдында BoxingScene.com шолушысы Сихат Гемичи қазақстандыққа нокаутпен жеңістің қажет екенін айтқан. Ал Елеусіновтің өзі кәсіпқой боксты түсініп келе жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Елеусінов келесі жекпе-жегін 30 қараша Монте-Карлода өткізеді. Қазақстандық басты оқиғасы алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) жекпе-жегі болатын бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады. 

blog.share
MMA Plus cпорт сайтының британиялық тілшісі Бен Смит Vesti.kz тілшісіне бірген сұхбатында қазақстандық Данияр Елеусіновтің америкалық Меттью Доггертиді
нокаутпен жеңгеніне қатысты пікірін білдірді.

"Бұл жекпе-жек Елеусінов пен ортаңқол боксшылар арасындағы айырманы көрсетті. Ол алғашқы минуттан іске қосылып, қарсыласына мүмкіндік қалдырмады. Төреші айқын басмыдықты көріп, жекпе-жекті қазақстандық боксшы қарсыласына ауыр зардап келтірмей тұрып тоқтатты. Кездесу немен аяқталатынын белгілі болды, алда мұндай жекпе-жектер әлі болады. Хирн талантты боксшыны қауіпке салмайды деген ойдамын. 

Дегенмен Елеусіновтің сенімділігі артып, жаңа боксты түсіне бастағаны көрініп тұр. Ол дұрыс жолда және жақын уақытта бағы жанады деп ойлаймын", - дейді Смит. 

Америкалықты нокаутпен жеңген Елеусінов әлемдік рейтингте көтерілді

Мұның алдында BoxingScene.com шолушысы Сихат Гемичи қазақстандыққа нокаутпен жеңістің қажет екенін айтқан. Ал Елеусіновтің өзі кәсіпқой боксты түсініп келе жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, Елеусінов келесі жекпе-жегін 30 қараша Монте-Карлода өткізеді. Қазақстандық басты оқиғасы алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы чемпион ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) жекпе-жегі болатын бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады. 

Жарнама

Живи спортом!