Америкалық бапкер Андре Розье екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) үшінші айқасында менсінбеушілік болмауы керек екенін ескертті, деп жазады vRINGe.com порталы.
- Сіз Головкинді де, "Канелоны" да жақсы білесіз. Бұл боксшылардың үшінші кездесуіне болжамыңыз қандай?
- Мен мынаны айтқым келеді. Үшінші кездесуде Головкинге менсінбей қарамаңыздар.
- Мұндай пікірді айтқан бірінші адам болдыңыз. Неге олай дедіңіз?
- Головкинге немқұрайлы қарамаңыздар. Ол көп нәрсені дәлелдеуге тырысады. Оның үстіне Головкинде жоғалтатын ешнәрсе жоқ. Сондықтан бес қаруын сайлап келеді.