Орта салмақта IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) ісін жүргізетін менеджер Эгис Климас қазақстандық боксшы АҚШ-та қандай қиындықтарға тап болып отырғанын айтты, деп жазады Vesti.kz.
Бұл туралы ол Қанат Бейсебековтің Жәнібек туралы деректі фильмінде баян етті.
- Қазір көптеген боксшы Жәнібекпен жекпе-жекке келіспейтінін білеміз. Неге, соның сырын айтыңызшы?
- Өйткені бокста қазір көпшілік атақ-даңқ үшін емес, ақша үшін жүр, бизнес себебінен. Жәнібекпен рингке шығу - өзі үшін жеңіліс екенін бәрі біледі. Ал ешкім де жеңілгісі келмейді. Оларды тек қомақты қаржымен ғана жекпе-жекке көндіре аласың.
Ал Жәнібекпен жұдырықтасу үлкен табыс бермей ме?
- Бұрын бокста HBO арнасы қандай айқас керегін айтып, сол үшін үлкен ақша бөлетін. Қазір ол жоқ. Енді боксшылар pay-per-view жекпе-жектерге шыққысы келеді. Ол үшін атақты боксшылар керек, ал атақтылар келіспейді. Осылай былық болып кетті.