Британиялық менеджер Джеймс Малви қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) мәлімдемесіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Головкин екі белбеуден бас тартқаннан кейін Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Малви Жәнібекке британиялық Джимми Келлимен (27-3, 10 КО) айқас ұсынды.
"Келлимен Манчестерде жекпе-жекке шық. Кім жеңгені Юбенк - Смит кездесуінің жеңімпазымен айқасады. Мұның мәнісі барын бәрі біледі", - деп жазыпты Малви Әлімханұлының твиттердегі постының астына.