"Мені нокаутқа түсіргісі келді". Пуэрториколық боксшы Батыр Жүкембаев туралы
Бірінші жартылай орта салмақтағы пуэрториколық боксшы Сабриэль Матиас (17-1-0, 17 KO) қазақстандық Батыр Жүкембаевқа (18-1-0, 14 KO) қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші жартылай орта салмақтағы пуэрториколық боксшы Сабриэль Матиас (17-1-0, 17 KO) қазақстандық Батыр Жүкембаевқа (18-1-0, 14 KO) қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар 30 мамыр Лос-Анджелесте жұдырықтасты. 12 раундқа есептелген жекпе-жектің төртіншісінде Батыр нокдаунға түсті, ал сегізіншісінен кейін қазақстандықтың бапкері кездесуді жалғастырудан бас тарту туралы шешім қабылдады.
"Шынын айту керек, ол тамаша айқасты және қарсылық көрсетті. Бұрын да жақсы боксшылармен кездескенмін, бірақ, ол мен жұдырықтасқандардың ең мықтысы.
Төртінші раундтан кейін, қайталап айтамын мықты жігіт екен, нағыз соғыс басталды. Ол жоғалтар ештеңесі жоғын түсініп, бар күшін салды. Ол жеңу үшін мені нокаутқа түсіру керегін білді, оның орнында мен болсам да сөйтер едім. Жау жүрек екен, сол үшін де сыйлаймын", - деп береді Матиастың сөзін Boxingscene.com.
Жарнама