Бокс
6 қараша 2019 14:47

Мексикалық WBC чемпионы қарсыласымен қоса "Канело" допингімен" ұсталды

© FightNights
Мексикалық боксшылар - екінші ең жеңіл салмақта WBC чемпионы Рэй Варгас (34-0, 22 КО) және бұл титулға міндетті қарсылас Хулио Сесар Мартинес (14-1, 11 КО) допингпен ұсталды, - деп хабарлайды Boxingscene.com.

"Таза бокс" бағдарламасы аясында (WBC мен VADA бірігіп өткізіп жатқан) алынған допинг-сынамалар кленбутерол іздерін көрсеткен.

WBC өз тарапынан боксшыларды жазаламайтын болды. Ұйым хабарламасында бұл зат болмашы көлемде ғана анықталғаны айтылған, демек бұл арам ниетпен қасақана жасалған емес.

Ұйым кленобутерол спортшылар ағзасына абайсызда "ластанған ет" арқылы түскен - бұл қоспа Мексикадағы мал шаруашылығында жаппай қолданылады.

Еске салайық, 2018 жылы кленобутеролмен басқа да атақты боксшы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) ұсталған. Ол кезде мексикалықтың командасы мұны тамаққа заралы еттің түсіп кетуімен түсіндірген. Осылайша, Альварес жарты жылға шеттелген болатын.