Дереккөздің мәліметінше, екі боксшы да мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. Екеуінің де қарсыластары ресейліктер болған. Райымбек Асан Дмитрий Рахмановпен жұдырықтасса, Ғалым Шағатай Александр Салтыковпен кездесу өткізген.
Бұл Райымбектің кәсіпқой рингтегі мерзімінен бұрынғы екінші жеңісі екен. Ал Ғалым бұл жолы ProBox нұсқасы бойынша ТМД чемпионы титулына ие болды.