Бокс
21 тамыз 2022 19:23

Масқара! Усик пен Джошуа кездесуінің төрешісі сын астында қалды

©DAZN

Александр Усик пен (20-0, 13 КО) пен Энтони Джошуа (24-3, 22 КО) арасындағы екінші кездесуде төрелік еткен америкалық төреші Гленн Фельдман жанкүйерлердің сынына қалды, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

Фельдман бұл кездесуде 115-113 есебімен ұлыбританиялық боксшы Энтони Джошуаның жеңісін тіркеген болатын. 

Ал Виктор Фесечко (Украина) мен Стив Грей (Ұлыбритания) 116-112 және 115-113 есебімен жеңісті Усикке берді. 

Кездесуден кейін жанкүйерлер әлеуметтік желіде Фельдманның тіркеген нәтижесімен келіспейтінін білдіріп, пікірлерін қалдырды. 

"Джошуа жеңіске мұлде жақын болмады. Енді бұл төрешіні ешқашан тағайындамаңыздар!". 

"Ол нашаға тест тапсырып көруі керек". 

"Масқара", - деген жазбалар қалдырды жанкүйерлер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport