Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Абылайхан Жүсіповтың Белградтағы (Сербия) әлем чемпинатындағы келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
67 келідегі 1/8 финалда қазақстандық боксшы Польша өкілі Дамиан Дуркачпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 1 қарашада өтеді.
Еске салайық, Жүсіпов бұл турнирде екі жеңіске жетті - тайбэйлік Лин Ю мен венесуэлалық Кристиан Паласионы. Екеуінен де төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен басым түсті.