Бокс
27 маусым 2019 10:17
 

Мамырға қала ма? Инсайдер Головкин - "Канело" трилогиясы мен оған қарсылар жайында

  Пікірлер

blog.share

Мамырға қала ма? Инсайдер Головкин - "Канело" трилогиясы мен оған қарсылар жайында © HBO.com

The Ring, LA Times, Fox Sports басылымдарындағы жұмысымен танымал журналист Майк Коппинджер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы трилогияға қатысты инсайдерлік ақпараттарын бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Дереккөздердің хабарлауынша, Golden Boy Promotions пен "Канело" қыркүйекте Головкинмен трилогия өткізуге қарсы болып отыр. Оның орнына "Канело" 14 қыркүйекте Каллум Смитпен не Сергей Ковалевпен жұдырықтасып, GGG-мен жекпе-жекті 2020 жылдың мамырына қалдыруды қалайды.

Ал DAZN  "Канело" - Головкин трилогиясын осы күзде өткізуге тырысып жатыр. Альварес Смитпен 168 фунтта, Ковалевпен 175 фунтта қолғап түйістірмек.

Бірақ әлі де "Канело" мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жектің 14 қыркүйекте өту мүмкіндігі бар. Әзірше ештеңе шешілген жоқ. GGG мен DAZN осыны қалап отыр. Енді "Канелоның" не шешетінін көрейік", - деп жазды инсайдер Twitter желісінде.

Бұған дейін Головкин мен Альварестің командалары келіссөзді бастаған еді, бірақ ол жемісті болмаған. Себебі Головкин үшінші жекпе-жекті тағы да Лас-Вегаста өткізуге қарсы.

"Канелоның" да Головкинмен үшінші рет жұдырықтасқысы келмейді - ол қазақстандық боксшының осы жекпе-жек арқылы көп қаражатқа кенелгенін қаламайды екен.

8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысын өткізген еді. Қазақстандық боксшы канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жекпе-жектен кейін ол Альваресті трилогия ұйымдастыруға шақырып, оны қыркүйекте өткізуді ұсынған.

blog.share
The Ring, LA Times, Fox Sports басылымдарындағы жұмысымен танымал журналист Майк Коппинджер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы трилогияға қатысты инсайдерлік ақпараттарын бөлісті, - деп хабарлайды
vesti.
kz/">Vesti.
kz
.


"Дереккөздердің хабарлауынша, Golden Boy Promotions пен "Канело" қыркүйекте Головкинмен трилогия өткізуге қарсы болып отыр.
Оның орнына "Канело" 14 қыркүйекте Каллум Смитпен не Сергей Ковалевпен жұдырықтасып, GGG-мен жекпе-жекті 2020 жылдың мамырына қалдыруды қалайды.


Ал DAZN  "Канело" - Головкин трилогиясын осы күзде өткізуге тырысып жатыр.
Альварес Смитпен 168 фунтта, Ковалевпен 175 фунтта қолғап түйістірмек.


Бірақ әлі де "Канело" мен GGG арасындағы үшінші жекпе-жектің 14 қыркүйекте өту мүмкіндігі бар.
Әзірше ештеңе шешілген жоқ.
GGG мен DAZN осыны қалап отыр.
Енді "Канелоның" не шешетінін көрейік", - деп жазды инсайдер Twitter желісінде.


Бұған дейін Головкин мен Альварестің командалары келіссөзді бастаған еді, бірақ ол жемісті болмаған.
Себебі Головкин үшінші жекпе-жекті тағы да Лас-Вегаста өткізуге қарсы.


"Канелоның" да Головкинмен үшінші рет жұдырықтасқысы келмейді - ол қазақстандық боксшының осы жекпе-жек арқылы көп қаражатқа кенелгенін қаламайды екен.


8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Головкин DAZN стриминг сервисімен келісімшарт аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысын өткізген еді.
Қазақстандық боксшы канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Жекпе-жектен кейін ол Альваресті трилогия ұйымдастыруға шақырып, оны қыркүйекте өткізуді ұсынған.

Жарнама

Живи спортом!