Бокс
5 сәуір 2024 13:17

Махмұт Сабырханның інісі Төреханды Олимпиадаға жібермеді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырханның інісі, 63,5 келі салмақта өнер көрсететін Төрехан Сабырхан Бангкокта өтетін іріктеу жарысына бара алмайтын болды, деп жазады Vesti.kz.

Осылайша, ол Олимпиадаға да бара алмайды. Бұл туралы оның бапкері Іляс Оралбеков мәлімдеді.

"Ассалаумалейкум ағайын өкінішке орай Төрехан шәкіртім спарингке қатыса алмайды, ХОК-қа жазған хатымызға кері жауап келді. Қолдағандарыңызға үлкен рақмет, жеңісті күндеріміз әлі алдыда", - деп жазыпты бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport