Махмұт Сабырханның жекпе-жегін төреші тоқтатып тастады

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Таиландтағы Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті.
Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Таиландтағы Азия чемпионатының 1/2 финалына өтті.
54 келіде өнер көрсететін Махмұттың 1/4 финалдағы қарсыласы шри-ланкалық Джаянатх Кумар болды.
Екінші раундта қазақ боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіреді де, төреші жекпе-жекті дереу тоқтатты. Осылай, Махмұт техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Еске салайық, 1/8 финалда Махмұт тайвандық Лай Ян-Линді техникалық нокаутпен жеңген еді.
Жарнама