Бокс
21 сәуір 10:05
 

Махмұт пен Төрехан Қазақстаннан кететін болды

  Пікірлер

blog.share

Махмұт пен Төрехан Қазақстаннан кететін болды ©Нұрғали Жұмағазы

Қазақстан құрамасының боксшылары - Махмұт пен Төрехан Сабырхан АҚШ-қа атанатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасының боксшылары - Махмұт пен Төрехан Сабырхан АҚШ-қа атанатын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұхит асып бара жатыр

Жуырда ағайынды екі боксшы кәсіпқойда алғашқы айқастарын өткізді. Енді олар Құрама штаттарына аттанбақ. 

"Біз Америкаға аттану керек болғанбыз, бізге сол жақта дайындалуға ұсыныс түсті. Қазіргі таңда ағаларымыз АҚШ-та жүр, зал таңдап жүр. Егер бәрі ойдағыдай болса, жақында Төрехан екеуміз Америкаға кетеміз", - дейді Махмұт "Бірінші Бол" YouTube арансына берген сұхбатында.

Еске салайық, ағайындылардың кәсіпқойдағы дебюті 5 сәуір Астанада өтті. Махмұт Сабырхан екінші раундта вьетнамдық Дако Данг Хайнхты нокаутқа түсірді, ал Төрехан үшінші раундта Иржи Хаукені берілуге мәжбүр қылды. 


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!