Бокс
30 мамыр 2019 13:24
 
"Маған "Канело" ұнайды". Жеңілмеген қазақстандық Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі жайлы ойын айтты

  Пікірлер

blog.share

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында өзінің ең үздік боксшылар рейтингін жасады және Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

"Қазіргі таңда маған Сауль "Канело" Альварес ұнайды. Соңғы жекпе-жектеріне өзін тамаша көрсетті. Екінші орында Теренс Кроуфорд, үшінші Василий Ломаченко. Төртінші - Александр Усик. Бесіншіге Деонтей Уайлдерді қояр едім. Бұл тізімде чемпиондық белбеулері барларды атадым. Головкин де үздіктердің бірі және әлемдегі ең мықты боксшылардың ТОП-10 рейтингіне кіреді.

Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жекке дайынмын деп есептесе және жеңісіне сенсе, жұдырықтасу керек деп ойлаймын. Ол өзінің қалпын жақсы сезіне алады және шыңына жеткенін біледі. Головкин сенімді болса, жекпе-жек өтеді, ол жеңуі де мүмкін", - дейді Жүкембаев. 

Жарнама

Живи спортом!