Бокс
6 желтоқсан 2021 13:55
 

Лопес абсолют чемпион атағы үшін айқаста өліп кете жаздапты

  Пікірлер

blog.share

Лопес абсолют чемпион атағы үшін айқаста өліп кете жаздапты ©The Mirror

Аустралиялық Джордж Камбососпен айқаста америкалық Теофимо Лопес төрт титулдан ғана айырылғаны бақыт болыпты. vRINGe.com хабарлауынша, Манхэттеннің үш ауруханасында отоларинголог болып істейтін дәрігер Линда Даль боксшы өліп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. 

blog.share

Аустралиялық Джордж Камбососпен айқаста америкалық Теофимо Лопес төрт титулдан ғана айырылғаны бақыт болыпты. vRINGe.com хабарлауынша, Манхэттеннің үш ауруханасында отоларинголог болып істейтін дәрігер Линда Даль боксшы өліп кетуі мүмкін екенін мәлімдеді. 

"Өліп кетуі мүмкін еді. Қалай тыныстай алғаны түсініксіз. Кеудесіне ауыр тас артып алғандай жағдайда болған. Мойыны мен кеудесі әрдайым қысымда болды. Осылай жұдырықтасқан", - дейді Даль. 

Өзге маман - Нью-Йорктегі бас пен мойын институтының директоры Питер Константино да осындай пікір білдірді. 

"Өліп кетпегеніне шүкір. Жолы болыпты", - деп қысқа қайырды ол.  

Салмақ өлшеу рәсіміне дейін Лопестің тынысы ауырлап, мойыны іскені жекпе-жектен кейін бірақ белгілі болды. 

"Бұл астмам ғана деп ойладым. Бұрын да астмамен жұдырықтаса беретінмін. Біреуге болған жағдайды айтсам, жекпе-жекті шегеретін еді, ал түскен қысымнан кейін мұны айтқым келмеді. Адамдардың: "Міне тағы шегерді" дегенін естігім келген жоқ", - дейді Лопестің өзі.

Медициналық тексеріс қорытындысы Теофимоның кеудесіне ауа тұрып қалғаны анықтады. Мұның себептерінің бірі өңеші аздап жыртылған болуы мүмкін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!