Бокс
26 маусым 2019 14:43

Ломаченко үш титул үшін жұдырықтасатыны ресми жарияланды

© Mignews
Жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO чемпионы Василий Ломаченко (13-1, 10 КО) бос тұрған WBC титулы үшін британиялық Люк Кэмпбеллмен (20-2, 16 КО) жұдырықтасады.

Тараптар жекпе-жек бойынша келісімге келді, ол 31 тамыз Ұлыбританияда өтеді, - деп хабарлайды Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) басбасөз қызметі. 

Кеңес басшысы Маурисио Сулейманның сөзінше, Лондонда өтетін бұл кештің андеркардтында тағы бір чемпиондық жекпе-жек болады: ең жеңіл салмақта WBC белбеуінің иегері Чарли Эдвардс (15-1, 6 КО) міндетті қарсылас мексикалық Хулио Сесар Мартинеспен (14-1, 11 КО) жекпе-жекке шығады.

Ломаченко 2014 жылдан бері алғаш рет АҚШ-тан тыс жерде жұдырықтасады. Бұл жекпе-жегі үші үш миллион доллар алуы мүмкін екені айтылды - украиналықтың карьерасындағы ең үлкен гонорар.

Еске салайық, бұл салмақтағы WBC белбеуі Майки Гарсияның одан бас тартып, бірінші жартылай орта салмаққа өткеннен кейін бос қалды.