Ломаченко мен Кроуфордтың промоутері алғаш рет қазақ боксшысымен келісімшарт жасасты
Жәнібек Әлімханұлы мен Боп Арум. Сурет Әлімханұлының командасы
2013 жылы әлем чемпионы болған боксшы Жәнібек Әлімханұлы америкалық Top Rank промоутерлік компаниясымен келісшарт жасасты, - деп хабарлайды Vesti.kz тлшісі.
Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"Сүйінші, ағайын! Жәнібек Әлімханұлы әйгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Атақты Боб Арум енді Әлімханұлының промоутері!" - деп жазды ол.
Top Rank компаниясы 1973 жылы құрылған. Басшысы Боб арум. Ол Василий Ломаченко және Теренс Кроуфорд сияқты бокс жұлдыздарының ісін жүргізеді. Сонымен бірге, атақты Мэнни Пакьяомен ұзақ уақыт жұмыс жасаған.
Мұның алдында қазақстандық боксшы "2017 жылдың үздік менеджері" Эгис Климаспен келісімшарт жасасқан еді. Әлімханұлы Климастың командасындағы алтыншы қазақстандық. Менеджер Мадияр Әшкеев, Сағадат Рахманқұлов, Мейірім Нұрсұлтанов, Асхат Уалиханов және Қанат Исламмен бірге жұмыс істейді.
Қазақстандықты белгілі маман Бадди МакГирт жаттықтырады, ол Майк Тайсон және Артуро Гаттимен жұмысы арқылы жанкүйерлерге таныс. Әлімханұлы орта салмақта жұдырықтасады.
Еске слаайық, Әлімханұлының кәсіпқой боксқа ауысатыны 16 сәуірде белгілі болды. Оған дейін де ол екі жекпежек өткізген - 2016 жылдың қазанында Алматыда өткен кездесуде бірінші раундта-ақ колумбиялық Милтон Нкньесті нокаутқа түсірді, ал былтыр қыркүйекте Астанда барзилиялық Жильберто Перейру дос Сантосты жеңген. Соңғы жекпе-жегі жартылай ауыр салмақта болды.

Жарнама