Жеңіл салмақта WBA және WBО чемпионы Василий Ломаченко шаршы алаңға кіммен шыққысы келетінін айтты.
"Армандайтын жекпе-жегім? Флойд Мейвезермен рингке шыққым келеді, бәрі маған байланысты болса. Ол жеңілмеген боксшы. Ал былай, Мейвезер жаттықтыратын Джервонта Дэвиспен жекпе-жек ұйымдастыру оңай болады", - деп келтіреді украиналық боксшының сөзін ESPN.
Айта кетейік, Ломаченко 31 тамызда британиялық Люк Кэмпбеллмен жекпе-жекке шығады.
Ал Мейвезер карьерасын 2015 жылы аяқтаған, алайда, 2017 жылы Конор МакГрегормен бокс ережесі бойынша жұдырықтасқан еді.