Бокс
12 желтоқсан 2018 15:10
 
Ломаченко Головкиннен белбеуін тартып алған ұйым титулы үшін жұдырықтаспақ

  Пікірлер

blog.share

Ломаченко Головкиннен белбеуін тартып алған ұйым титулы үшін жұдырықтаспақ © Sport.ua

Жеңіл салмақта WBA және WBO чемпионы украиналық Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) келесі жекпе-жегін 2019 жылдың 12 сәуіріне Лос-Анджелестің Staples Center аренасында өткізеді деп белгіленген. Бұл туралы LA Times басылымы Top Rank компаниясының президені Тодд Дюбефке сілтеме жасап хабарлап отыр. 

Ломаченконың промоутерлері 2 ақпан бос қалған IBF белбеуі үшін ресейлік Иса Чаниев (13-1, 6 КО) пен ганалық Ричард Комми (27-2, 24 КО) арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен жұдырықтасуды жоспарлап отыр. 

Осылайша, Ломаченко екінші рет қатарынан чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жек өткізе алады. 8 желтоқсан Нью-Йоркте Ломаченко жеңіл салмақта WBO чемпионы Хосе Педрасаны жеңіп, чемпиондық белбеулерді біріктіретін жекпе-жекті карьерасында алғаш өткізді.  

Қазанда америкалық Майки Гарсия (39-0, 30 КО) міндетті қарсылас Коммимен жұдырықтасудан бас тартқалы бері жеңіл салмақта IBF белбеуі бос тұр.

Айта кетейік, Гарсия IBF белбеуінен бір жылда екінші рет бас тартып отыр. Наурызда ол белбеуді ресейлік Сергей Липинцтен тартып алып, міндетті қарсылас белоруссиялық Иван Баранчикпен жұдырықтаспай қойған. 

Жарнама

Живи спортом!