Қытай құрамасындағы қазақ боксшы кіші ӘЧ-дегі жекпе-жекте жеңіске жетті

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.
Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп жазады Vesti.kz.
80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тоқтарбек грекиялық Михаил Цамалидиспен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті (4:0). Осылайша, ол турнирдің ширек финалына өтті.
Айта кетейік, Тоқтарбек 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, Азия ойындарының жеңімпазы.
Жарнама