Бокс
13 шілде 2018 15:43
 
"Қыркүйкте жұдырықтасайық". Сондерс Андрадемен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

  Пікірлер

blog.share

"Қыркүйкте жұдырықтасайық". Сондерс Андрадемен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді © Eurosport

Орта салмақтағы WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс алғашқы орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Деметриус Андрадемен жұдырықтасуға дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Андраде ресми түрде Сондерске міндетті қарсылас атанды. Боксшыларда жекпе-жекті өткізу орны мен шарттары бойынша келісуге тоғыз күн бар. Олай болмағанда промоутерлік сауда белгіленеді. 

"Андрадемен кездесуге дайынмын. Қыркүйкте жұдырықтасайық. Менеджмент пен промоутер Фрэнк Уоррен бұл жекпе-жекті ұйымдастыра аларына сенімдімін", - деп жазыпты Сондерс Twitter желісінде. 

Еске салайық, орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіру ниетіне байланысты Сондерс қазақстандық Головкинге де қарсылас болуы ықтимал. Боксшылар алдын ала келісімге келген де болатын, алайда, GGG мексикалық Сауль Альвареспен қарымта өткізетін болды. 

Жарнама

Живи спортом!