2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан украиналық боксшы Евгений Хитров түрмеге қамалуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшы бірнеше ұрлыққа қатсысы бар деген күдікке ілінді.
Қылмыстық іс және қамақ
Спортшыны 26 сәуір Кривой Рогте құқық қорғау органдары ұстаған. Оған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жасалған ұрлықтарға қатысы бар деген айып тағылуы мүмкін. Боксшы 5 жылдан 8 жылға дейін жазаға кесілуі ықтимал.
Свои тelegram арнасының мәліметінше, аудандық сот Хитровты қамауға алу туралы шешім шығарып, 420 мың гривен (шамамен 5 миллион теңге) көлемінде кепілмен босатуға мүмкіндік берген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау абақтысында.
"Оны сыбайласы Александр Куриломен бірге таңғысын қалаға кіреберісте ұстаған. Іс өте күрделі. Тергеушілер он шақты тінту жүргізіп, қылмыстық топтың әрекетін ұзақ уақыт бойы бақылаған", - делінген хабарламада.
Бокстағы карьерасы
Евгений Хитров — Кривой Рог тумасы. Ол әуесқойлар арасында әлем чемпионы және Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері. 2012 жылы Украина атынан Лондон Олимпиадасына қатысып, сол жылы кәсіпқой боксқа ауысқан.
АҚШ-тағы карьерасында Хитров 22 жекпе-жек өткізіп, оның жиырмасында жеңіске жеткен және екі рет жеңілген. Ең ірі жетістігі WBC рейтингінде жетінші орын мен WBC Silver белбеуі үшін жекпе-жекке шығуы. Алайда бұл айқаста ол жеңіліп қалған. Соңғы жекпе-жегін 2019 жылы өткізген, ал 2021 жылы карьерасын ресми түрде аяқтады.
Жарнама