АҚШ-тың Верон қаласындағы бокс кешінің басты айқасында өзбекстандық Отабек Холматов (12-1, 11 КО) пен америкалық Рэймонд Форд (15-0-1, 8 КО) жұдырықтасты, деп жазады Vesti.kz.
12 раундтық жекпе-жектің соңында Форд шаршап қалған Холматовты нокаутқа түсірді. Осылайша, америкалық жартылай жеңіл салмақта бос болған WBA титулын жеңіп алды.
Бұл Холматовтың карьерасындағы бірінші жеңіліс болды, бұған дейін ол 12 жеңіске жеткен еді (11 нокаут). Ал Форд он бесінші жеңісіне жетті (8 нокаут), сонымен бірге, оның бір жекпе-жегі тең аяқталған.