Күтпеген қарсылас. Әлімханұлына 19 нокауты бар "чемпионмен" жекпе-жек ұсынылды
Аустралиялық сарапшы Грантли Киза Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) жаңа қарсылас ұсынды.
Аустралиялық сарапшы Грантли Киза Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) жаңа қарсылас ұсынды.
Жәнібек айқасуға шақырған WBA чемпионы Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) аустралиялық Майкл Зерафамен (31-4, 19 КО) жекпе-жек өткізетіні белігілі болды.
"Зерафа көптен бері барлық титулдарды отанында жиюды армандап келеді. Бірініш қадам жасалды. Ларамен чемпиондық айқасқа шығатын болды. Кубалық мықты бірақ, ол қартайды. Жас әрі болашағы зор жігіттердің уақыты келді. Зерафаның Лараны жеңуге барлық мүмкіндігі бар. Ал келесі қадамы Әлімханұлы мен Джермалл Чарлоны айқасқа шақырады. Чарломен келіссөз жүргізу ауыр болғандықтан, Әлімханұлымен Аустралияда айқас тамаша болады. Бұл көпшілік назарына түсіп, үлкен гонорар әкеледі. Зерафа жеңсе, үш титул үшін айқасты көретін сияқтымыз", - дейді Киза.
Жарнама