Бокс
20 мамыр 2022 11:27

"Құрметім жоғалады". Әлімханұлы жекпе-жегінің алдында ойын білдірді

©Stacey M. Snyder

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) ұлыбританиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бұл бокс. Барлықтарыңыз білетіндей бокста түрлі жағдай орын алып жатады. Қарсыласым жекпе-жекке келіскеніне қуаныштымын. Біз көрермендер үшін керемет кездесу өткіземіз. Менің ойымша, қарсыластарым менен қашатын сияқты. Маған қарсы көбісі рингте қолғап түйістіргісі келмейді. Дигнум мықты жауынгер. Оның рекорды жақсы (14-0). Оның әуесқойлар арасындағы карьерасы жақсы болды. Алайда рингте жолыққанда, оған деген барлық құрметім жоғалады. Себебі бұл бокс. Бұл айқасқа ұзақ дайындалдым. Рингте қандай жағдайда қателік жасайтынын білемін. Оны әбден зерттедім. Оған нағыз қазақ стилін көрсетемін", - деді Әлімханұлы.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнум арасындағы бокс кеші 22 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport