Қарағандыда өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында 63,5 келіде финалдық айқас болды.
Шешуші жекпе-жекте Жандос Қыдыралиев (Алматы) пен Ертуған Зейнуллинов (Алматы облысы) жұдырықтасты.
Бұл жекпе-жекте үш раунд қорытындысы бойынша Зейнуллинов жеңіске жетті.Айта кетейік, Зейнуллинов сұқбаттарының бірінде курьер болып жұмыс істегені туралы айтқан болатын. Бұған себеп боксшының өткен чемпионатта жеңіліп, ұлттық құрамадан шығып қалуы себеп болған.
Бүған дейін Талғат Сырымбетов, Тимур Қабдешев, Теміртас Жүсіпов, Төрехан Сабырхан, Нұрлан Сапарбай және бұрымдылардан Карина Ибрагимова, Назым Қызайбай және Алуа Балқыбекова Қазақстан чемпионы атанды.