Бокс
9 қараша 2021 19:50
 

"Құрамаға кез-келген уақытта көмектесуге дайынмын". Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионаты жайлы

  Пікірлер

blog.share

"Құрамаға кез-келген уақытта көмектесуге дайынмын". Қамшыбек Қоңқабаев әлем чемпионаты жайлы Данияр Майлыбаев©

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Сербияның Белград қаласында өткен әлем біріншілігіне бармады. Ол қазіргі уақытта кәсіпқой боксқа дайындық жұмыстарын өткізуде. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында боксшымыз әлем чемпионаты туралы ойымен бөлісіп, кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі туралы айтып берді. 

blog.share

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Сербияның Белград қаласында өткен әлем біріншілігіне бармады. Ол қазіргі уақытта кәсіпқой боксқа дайындық жұмыстарын өткізуде. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында боксшымыз әлем чемпионаты туралы ойымен бөлісіп, кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі туралы айтып берді. 

- Қамшыбек, қалыңыз қалай? Кәсіпқой бокстағы келесі кездесуіңізге дайындық қалай өтуде? 

- Барлығы жақсы. Рақмет. Келесі кездесуге дайындық ойдағыдай өтуде. 

- Жалпы келесі кездесуіңіз туралы айтып берсеңіз. Қайда өтеді? Қарсылас кім?

Алдағы айқас Алматы қаласында өтеді. Қарсылас туралы әлі айта алмаймын. Толығырақ жекпе-жек уақыты жақындағанда жариялаймыз. 

- Жаңа бапкермен дайындалып жатқаныңызды естідік. Бұған дейін кәсіпқой боксқа Сізді кім дайындады? Қазіргі бапкеріңіз туралы толығырақ айтаңыз...

- Иә, қазір жаңа бапкермен дайындық өткізудемін. Андрей Ивичук деген бапкер. Осы уақытқа дейін біраз кәсіпқой боксшыларды дайындаған. Ал бұған дейін кәсіпқой бокста үш кездесу өткіздім ғой. Ол кездесулерге Батыр Жүкембаев, Айдос Ербосынұлы секілді жігіттерді баптаған Қанат Алтаевпен жаттықтым. Қазір Мәскеу қаласындамыз. Жекпе-жекке осы қалада дайындық жұмыстарын өткіземіз. 

- Белградтағы әлем чемпионатына неге бармадыңыз?

- Әлем біріншілігіне бармауымның бірнеше себебі бар. Ең басты себеп - артымнан келе жатқан інілерім барып, тәжірибе жинасын дедім. Былайша айтқанда, жолымды інілеріме бердім. 

- Сіздің орныңызға Сербияға Нұрлан Сапарбай барып, бірінші кезеңде жеңіліс тапты. Бұл жігіттің өнеріне көңіліңіз толды ма? Алдағы уақытта ауыр салмақта сіздің орныңызды лайықты баса ала ма?

Нұрлан Сапарбайдың өнеріне жалпы көңілім толады. 2018 жылдан бері ізбасарым деп айта аламын. Біз бірнеше мәрте Қазақстан чемпионатында кездестік. Мықты екенін шаршы алаңда да көргенмін. Осы әлем чемпионатында үздік үштікке іліксе деп тілеген ем. Өкінішке қарай болмады.

- Сіз кәсіпқой боксқа біржолата ауыстыңыз ба, әлде кейін Ұлттық құрамаға қайта ораласыз ба?

- Қазір Ұлттық құрамада боксшыларға екі жақта да жұдырықтасуға мүмкіндік берді ғой. Пандемия кезінде де мен бабымда болуы үшін кәсіпқой бокста кездесулер өткізген едім. Енді алдағы уақытта бапкерлер мені қажет етіп, құрамаға шақырса, кез-келген уақытта көмектесуге дайынмын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!