Бүгін, 27 ақпан Софияда (Болгария) "Странджа кубгі" атты дәстүрлі халықаралық бокс турниірінде шешуші айқастар өтті, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан құрамасы бұл жарысты аяқтады.
Қазақстандық боксшылардан рингке соңғы болып 86 келіде өнер көрсететін Сағындық Тоғамбай шықты. Оның қарсыласы украиналық Сергей Горсков болды. Бұл жекпе-жекте қазақ боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, кіші әлем чемпионаты атанып кеткен турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында төрт алтын, төрт күміс және тоғыз қола жүлде бар.