Бокс
4 ақпан 12:08
 

Құрамадағы екі қазақ боксшы Элит турнирінде бір-бірімен айқасады

  Пікірлер

blog.share

Құрамадағы екі қазақ боксшы Элит турнирінде бір-бірімен айқасады ©

Қазақстан құрамасының бес боксшысы Испанияның Ла-Нусии қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2025 халықаралық турнирінің жүлдесіне кепілді түрде ілініп тұр. 

blog.share

Қазақстан құрамасының бес боксшысы Испанияның Ла-Нусии қаласында өтіп жатқан Boxam Elite-2025 халықаралық турнирінің жүлдесіне кепілді түрде ілініп тұр. 

Кеше турнирдің жеребесі тартылып, оның қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды. 

Осылай, үш қазақстандық боксшы жарысты жартылай финалдан бастайды. Олар Ерхан Тұрдан (57 кг), Даниял Сапарбай (92+ кг) және Диана Мағауяева (75 кг).

54 келідегі 1/4 финалда қазақстандық дерби болады. Ақтілек Орынбасар - Жандаулет Сарсенбаев жекпе-жегінің жеңімпазы жартылай финалға өтіп, кепілді түрде қолаға қол жеткізеді. 

Ал Бақыт Сейдиш (70 кг) жарысты бірден финалдан бастайды, осылай, ол кемі күміс алып тұр. 

Айта кетейік, Boxam Elite-2025 ақпанның 4 мен 9 арылығы өтеді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!