Бүгін, 18 қыркүйек Екатеринбургте өтіп жатқан 2019 жылғы бокстан әлем чемпионатының оныншы күн жекпе-жектері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалға жолдама үшін бүгін де шаршы алаңға Қазақстан құрамасының жеті боксшысы шығады.
Осылайша, 1/4 финалда Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасындағы алғашқы текетірес басталады - чемпион атағындағы Қайрат Ералиев Миразизбек Мирзахалиловпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек кешкі сессияда өтеді.