Құрама капитаны жартылай финалға жолдама үшін үндістандықпен жұдырықтасты
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Асыланбек Шымбергенов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Аммандағы турнирдің ширек финалында 71 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Шымбергенов үндістандық боксшы Сачинге қарсы жұдырықтасты. Үш раундтың қорытындысы бойынша бұл кездесуде төрешілер жеңісті Шымбергеновке берді.
Айта кетейік, бүгін, 7 қараша Азия чемпионатының күндізгі сессиясында тағы үш отандасымыз шаршы алаңға шығады. Тарқатып айтсақ, 75 келіге дейінгі салмақта Нұрқанат Райыс қырғызстандық Сағын Сатылұлына, 80 келідегі Нұрбек Оралбай таиландтық Вирапон Чонджохоға қарсы, ал әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай моңғол боксшысы Балсан Мунгунсаранмен айқасады. Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын мына жерден көруге болады.
Жарнама