Ләззат Күнгейбаева Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалында сүрінді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
81 келіден жоғары салмақта сынға түскен Күнгейбаева үндістандық Альфия Тараннум Акрамға жол берді. Әділ-қазылар жеңісті үнді қызына жазды. Есеп 5:0.
Осылайша, жерлесіміз Азия біріншілігінің қола жүлдесін еншіледі.
Еске салайық, Ләззат Күнгейбаева 2016 жылы әлем чемпионы атағын жеңді. 2007, 2021 жылдары Азия біріншілігінің алтын медалін еншіледі.