Күнгейбаева ӘЧ-2022 жекпе-жегінен кейін төрешілерге қатысты пікір білдірді
Бокстан әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева Ыстамбұлда өтіп жатқан жаһан біріншілігіндегі жекпе-жегінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бокстан әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева Ыстамбұлда өтіп жатқан жаһан біріншілігіндегі жекпе-жегінен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Турнирдің ширек финалына берілетін жолдаманы сарапқа салған отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде түркиялық Сенур Демирмен қолғап түйістірді.
"Жекпе-жек оңай болды деп айта алмаймын. Өйткені қарсыласым жергілікті елдің өкілі болғандықтан аздаған қобалжу болды. Қолымнан келгенше барымды салдым. Жекпе-жекте ұтылдым деп ойламаймын. Алайда төрешілер жеңісті қарсыласыма берді. Үшінші раундта қайта-қайта құшақтап уақытты созып жүрді. Барынша соққы жасауға тырыстым. Дегенімен ұпай бермеді. Осы жарысқа көп дайындалып едім. Баршаңыздан кешірім сұраймын", - дейді Күнгейбаева.
Жарнама