Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) жекпе-жегі өте ауыр айқас болады. Екінші орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Роберт Штиглиц "Студия бокса Виктора Ялымова" YouTube арнасына берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Әрине ауыр әрі қызықты айқас болады. "Канело" тым жарнамалап жіберген өнім. Одан құдай жасап жіберді, дегенмен, ол қазір карьерасының шыңырау шегінде. Әлбетте мен Генаға жеңіс тілеймін. Мүмкін ол күшін жинап, сонша көп соққы өткізбейтін болатын шығар. Кейінгі кезде ол соққыны жиі өткізетін болыпты, шамамаен 30 пайыз, ал өзі мүмкіндігінің 70-80 пайзын ғана қолданып соққы қайтарады. Қазір ол соққы алмасып тұратын болған. Бұрын ондай жасамайтын. Енді оған 30-40 пайыз соққы өткізгенімен, 100 пайз жауап қайтару керек. Головкинге жеңіс тілеймін, көреміз енді", - дейді Штиглиц.