Бокс
16 қараша 2021 10:25
 

"Құбыжықпен айқасуға себеп жоқ". Бетербиевтің бапкері "Канеломен" жекпе-жек жайында

  Пікірлер

blog.share

"Құбыжықпен айқасуға себеп жоқ". Бетербиевтің бапкері "Канеломен" жекпе-жек жайында ©Sportbox

Жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы Артур Бетербиевтің бапкерлер штабындағы Джон Скалли, суперорта дивизиондағы абсолют чемпион Сауль Альварес ресейлікпен жекпе-жекке шығып, басын қатерге тікпейтінін айтады.

blog.share

Жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы Артур Бетербиевтің бапкерлер штабындағы Джон Скалли, суперорта дивизиондағы абсолют чемпион Сауль Альварес ресейлікпен жекпе-жекке шығып, басын қатерге тікпейтінін айтады.

"Канело" Геннадий Головкинмен жұдырықтасқанда, олардың көз арбасуының суретін қарап отырғаным есімде. Сол кезде Альварес GGG жанында тым кішкентай деп ойладым. Мен Головкинмен көріскем, ал оны ірі жігіт дей алмайсың. Сондықтан Артурдың қасында "Канело" ергежей болып қалады. Бетербиев одан әлдеқайда ірі. Артур физикалық күш жағынан тым күшті.

Егер "Канело" Бетербиевпен жекпе-жеке шықпаса, бұл Альварестің қашқаны емес, олар екі түрлі салмақта. Артурмен жұдырықтаспаса, оны айыптауға болмайды. Жартылай ауыр салмаққа көтеріліп,  Годзилламен айқасуға себеп жоқ", - деп береді Скаллидің сөзін fightnews.info.

Айта кетейік, Головкин де, Бетербиев те Альвареске келесі жылы қарсылас болатын боксшылар ретінде аталып жүр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!