Бокс
5 сәуір 2022 10:58
 

Куба 60 жылдан кейін кәсіпқой бокстан шектеуді алды

  Пікірлер

blog.share

Куба 60 жылдан кейін кәсіпқой бокстан шектеуді алды ©Reuters

Кубаның бокс федерациясы 1962 жылы қойылған кәсіпқой бокстан шектеуді алып тастады, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

blog.share

Кубаның бокс федерациясы 1962 жылы қойылған кәсіпқой бокстан шектеуді алып тастады, деп жазады "Чемпионат" порталы. 

Шектеу Golden Ring промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойылғаннан кейін алынды. Бұл компания 20 мамыр күні Агуаскальентес қаласында жекпе-жек өткізеді. Ал кездесулер бүкіл Латын Америкасы елдерінде тікелей эфирде көрсетіледі. Аталған кеште Кубадан шыққан Олимпиаданың жеңімпаздары Хулио Сесар ла Крус, Арлен Лопес, Роньель Иглесиас және Энди Крус өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, Кубада 1962 жылы кәсіпқой боксқа тиым салынған болатын. Сол кезде елдің басшысы Фидель Кастро кәсіпқой боксты параға батқан спорт ретінде таныған. Кубада есесіне әуесқой бокс қатты дамып, талай Олимпиаданың чемпионы шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!