Кіші әлем чемпионатында екі қазақ боксшы айқасты

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқанмен жекпе-жекке шықты, деп жазады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқанмен жекпе-жекке шықты, деп жазады Vesti.kz.
Екі қазақ боксшы 80 келідегі жартылай финалда кездесті. Бұл айқаста Тоқтарбек төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті - 3:2.
Тұрсынбай әуесқой бокста 2019 жылғы Азия чемпионы болған, қазіргі таңда кәсіпқой бокста өнер көрсетеді, рекорды - 6-1, 4 КО.
Ал Тоқтарбек 2022 жылғы Азия ойындарның жеңімпазы және 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Жарнама