Кроуфорд өзбекстандық "Құбыжықпен" айқас үшін титулдан "айырылды"

©LowKickMMA.com

Екі салмақта әлемнің абсолют чемпионы болған америкалық Теренс Кроуфорд (40-0, 31 КО) WBC ұйымының "демалыстағы чемпионы" санатына ресми түрде өтті. Бұл туралы Бүкіләлемдік бкос кеңесі хабарлады. 

Бұл Теренстің карьерасын бір дивизион жоғары өтіп, 3 тамыз Лос-Анджелесте "Құбыжық" лақап атты өзбекстандық Исраил Мадримовпен WBA титулы үшін айқасуы себеп болып отыр. Бұл айқаста WBO ұйымының толыққанды немесе "уақытша" чемпионы атағы да сарапқа салынатынын айта кетейік. 

Ал WBA ұйымының "уақытша" чемпионы Марио Барриоса Кроуфорд салмақ ауыстыра салысымен толыққанды чемпион атану керек еді. Алайда әзірге мұндай болмай тұр. 

Кроуфорд Мадримовпен жекпе-жектен кейін соңғы шешімін қабылдауы керек - карьерасын жартылай орта немесе бірінші жартылай орта салмақта жалғастыратынын. Демек Барриос "уақытша" чемпион болып қала ма, әлде толыққанды белбеудің иегері атан ма, сол кезде шешілетінге ұқсайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport