Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы америкалық Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) келесі кездесуін WBO тұжырымы бойынша өзінің міндетті қарсыласы аустралиялық Тим Цзюға (21-0, 15 КО) қарсы өткізеді. Бұл туралы vRINGe.com ұйымның президенті Пако Валькарсельге сілтеме жасап хабарлайды.
"Екі боксшыға да келісімшартты бар екені айтылды. Енді олар айқасты қашан өткізетінін анықтау керек. Алда мықты кездесулер көп болады. Сол жекпе-жектердің бірі міне осы айқас", - деді WBО президенті.
Бұл ақпаратты Boxingscene.com порталы растады. Дереккөз Чарло мен Цзю келісімге келгенін айтты. Осылайша, аталған жекпе-жекте промоутерлік бәссауда болмайды.
Осылайша, Чарло барлық белбеуін қорғайтын болады. Ал Костя Цзюдің ұлы алғаш рет абсолют әлем чемпионы атағына таласады.