Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Костя Цзюдің ұлы, австралиялық боксшы Тим Цзю ирландиялық Деннис Хоганды жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жекпе-жек Австралияның Ньюкасл қаласындағы Steel City Showdown бокс кешінің аясында аясында өтті және бесінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Цзю Хоганның жақ сүйегіне өте сауатты соққы жасағаннан кейін, ирландықтың командасы рингке орамал лақтырып, жекпе-жек тоқтатылды.
Жеңіліс көрмеген 26 жастағы спортшы 18 жекпе-жектің 14-ін нокаутпен аяқтаған. Ол өзінің бірінші орта салмақтағы WBO Global белбеуін қорғап қалды.
Естеріңізге сала кетейік, кіші-Цзю осыған децйін орта салмақ дәрежесіндегі IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Генадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізуді армандайтынын айтқан болатын.